Microsoft Azure жүйесінде жұмыс істеу туралы

Microsoft Azure платформасымен жұмыс істеу үшін, атап айтқанда Azure Marketplace дүкенінен бағдарламалар сатып алу және виртуалды машиналар жасау үшін сізге Azure жазылымы қажет. Басқару серверін орналастырмас бұрын, виртуалды машиналарға бағдарламаларды орнату үшін қажетті құқықтары бар Azure бағдарламаның идентификаторын жасаңыз.

Azure Marketplace дүкенінен Kaspersky Security Center кескінін сатып алсаңыз, Kaspersky Security Center Басқару серверінің AMI дайын кескіні бар виртуалды машинаны орналастыра аласыз. Виртуалды машинаның параметрлерін таңдау керек, бірақ бағдарламаларды өз бетінше орнатудың қажеті жоқ. Орнатқаннан кейін, сіз Басқару консолін іске қосып, Kaspersky Security Center бағдарламасымен жұмысты бастау үшін Басқару серверіне қосыла аласыз.

Сондай-ақ, физикалық құрылғыларды қорғау үшін Kaspersky Security Center Басқару сервері бар Azure виртуалды машинасын пайдалануға болады (мысалы, мұндай бұлтты сервер физикалық серверге қарағанда техникалық қызмет көрсету мен күтіп ұстауда тиімдірек болса). Бұл жағдайда, Басқару серверімен атқарылатын жұмыс, физикалық құрылғыға орнатылған Басқару серверіндей жүзеге асырылатын болады. Azure API құралдарын пайдалануды жоспарламасаңыз, Azure бағдарламаның идентификаторы қажет емес. Бұл жағдайда, Azure жазылымы жеткілікті.

Сондай-ақ, қараңыз:

Бұлтты ортада жұмыс істеу туралы

Сценарий: Бұлтты ортада орналастыру

Басына оралу